Мұны алдымен тұрғындар байқап, бейнекамераға түсіріп алған. Осыған байланысты экологтар өзен суынан сынама алды.
Бұлақтардан бастау алып, Шымкент қаласын қақ жарып ағатын Қошқарата өзені қызыл түске боялды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Мұны алдымен тұрғындар байқап, бейнекамераға түсіріп алған. Осыған байланысты экологтар өзен суынан сынама алды. Оның қорытындысы 5 күннің ішінде белгілі болмақ.
Алдын ала болжам бойынша, әлдекімдер сойылған малдың қанын суға ағызған болуы мүмкін. Мұндай жағдай фауна мен экожүйенің бұзылуына алып келеді, дейді мамандар.
Жалпы Қошқарата өзеніне қандай да бір заттарды тастауға тыйым салынған. Сондықтан болған жәйтқа байланысты полицияға шағым жазылды.
Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:
Алдын ала болжам бойынша қазіргі уақытта «Аммоний құрамдарының» өсуі болып тұр. Қан ба, бояу ма – әлі анықталған жоқ. Оны әлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, полиция жұмылдырылған.