Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұлытау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағандығы анықталды.
Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды Мекеме және Әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбаушылық жасағандығы туралы жоғары тұрған басшылырына баяндаған.
«Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді. 2024 жылы 26 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.