03.04.2024, 18:20

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Фото: Жоғарғы сот

Сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін ұрып-соққан.

Алматыда автобус жүргізушісі есінен танып, қалып,  үш адамды қағып өлтірген оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін, 2024 жылдың 3 сәуірінде Алматы қаласының Алатау аудандық сотында сотталушы А. – ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚР ҚК 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтуде.

Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін ұрып-соққан, соның салдарынан жүргізуші әйел есінен танып қалып, нәтижесінде аялдамада тұрған адамдарды автобуспен басып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан болатын, - делінген Жоғарғы Соттың хабарламасында.