$ 481.68  522.48  5

West Oil Software арнайы техника паркі жаңа автоцистерналармен толықты

Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.

Фото: ҚМГ
Фото: ҚМГ

ҚМГ былтыр «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, мекеме техникасын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Оған сәйкес 3 жылдың ішінде барлығы 202 техника бірлігі жаңарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жақында компанияның арнайы техника паркі жаңа техникамен толықты. 2023 жылы келген жаңа 17 көлікке қосымша биыл наурыз-сәуір айларында сегіз жаңа автоцистерна (АЦВ-12) арнайы техникасы қосылды. Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.

Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Биыл барлығы 70 арнайы техниканы жаңарту жоспарда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары