$ 494.87  520.65  4.91

«Кешір мені, ұмыт, босат»: Сотта Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды

Марқұм Бишімбаевты “My love” (Менің махаббатым) деп сақтаған екен.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы марқұм Салтанат Нүкенованың телефонынан Бишімбаев екеуінің Whatsapp желісіндегі хаттарын оқыды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанаттың телефонының паролін айыпталушы Бишімбаев ұсыныпты. Марқұм Бишімбаевты “My love” (Менің махаббатым) деп сақтаған екен. Бишімбаев бұл өз нөмірі екенін растады.  

Прокурор сотта Салтанат Нүкенованың 2023 жылы 10 қазанда Қуандық Бишімбаевқа уатсап арқылы жазған хабарын оқыды.

"Сен тіпті көзіме шөп салғаның үшін тіпті кешірім сұраған да жоқсың. Оның үшін ештеңе істегің де келмеді. Бәріне мені кінәлап, психотерапевтке бар деп қоймадың. Соқырлығың сонша, оныңды көтере алар емеспін. Кешір мені, ұмыт, босат. Бәрін шештім. Ата-анаммен болам, олар маған қарайды", – деп жазған Салтанат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары