04.04.2024, 17:20

Бибісара Асаубаева 40 миллион теңгелік грант иегері атанды

Фото: gov.kz

20 жастағы шахматшыға  жүлде  KazChess Awards салтанатында табысталды. 

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ірі грант иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

20 жастағы шахматшыға  жүлде  KazChess Awards салтанатында табысталды.

"Тимур Турловтың шешімімен 40 миллион теңге көлемінде президенттік грант тағайындалды, оның иегері Бибісара Асаубаева болды", - деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.