Аукционға 83 резервтік кен орнын шығару жоспарда бар.
Биыл 30-маусымға дейін қайтарылған 23 кен орны бойынша аукцион өткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, аукционға 83 резервтік кен орнын шығару жоспарда бар.
«Аукциондар ел аумағындағы орташа қайта бөлу көрсеткішінен төмен емес өнім өндірісін іске қосу, өңірлерді әлеуметтік дамытуға аудару бойынша міндеттемелерді белгілей отырып өткізілетін болады», - деп түсіндірді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Былтыр 74 жер қойнауының учаскесі бойынша құны шамамен 3,5 млрд теңгені құраған 2 аукцион өткізілді.