$ 443.37  474.49  4.83

Бүгін жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің жеті облысында тұман түсіп, дауыл тұрып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман басады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары