Одан бөлек, «Әділдік жолы» колл-орталығының 1463 нөмірі кеңес алу үшін өтінім қалдыруға қолжетімді.
Қазақстанның барлық облыстарында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар өз сұрақтарымен жүгіне алатын жедел желі ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Барлық өтініш білдірушілер ұялы байланыс немесе WhatsApp қосымшасы арқылы су тасқыны кезіндегі залалдың орнын толтыру, өтініш беру, қажетті құжаттар тізімі және нақты өтелуге жататындардың орнын толтыруға қатысты тегін заңгерлік кеңес ала алады.
«Барлық құжаттарды дұрыс рәсімдеу – су тасқыны келтірген залалдың өтелетініне және барлық өтемақылардың төленетіндігіне кепілдік. Рәсім аса күрделі емес: жергілікті әкімдікке өтінім беру қажет, содан кейін мүлікті бағалау жүргізіледі. Алайда адамдардың қазір қандай күйде екенін ескерсек, біреудің қателесуі немесе процедураларды уақтылы аяқтамау қаупі бар. Осыған байланысты азаматтарға телефон арқылы тегін кеңес беру мен заң көмегін іске қосуды ұйғардық. Сондай-ақ алаяқтардың араласуы немесе сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупі өте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан азаматтарға өз құқығын білу маңызды», – деді РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов.
Одан бөлек, «Әділдік жолы» колл-орталығының 1463 нөмірі кеңес алу үшін өтінім қалдыруға қолжетімді.
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мына нөмірлер бойынша хабарласа алады:
Фото: «Әділдік жолы» РҚБ