$ 441.66  475.14  4.86

«4 әйелдің анализі шықты». Журналист бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты

Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма.

Фото: muratsaveliev инстаграм парақшасынан
Фото: muratsaveliev инстаграм парақшасынан

Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, 4 әйел қан тапсырған.

Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік.. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық роддомы мен детдомы. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр әбден таяды, - деді ол.

Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.

Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс! - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсеткен еді. Оның есімі - Валери. 

Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол Испанияға Бельгиядан мағае қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген, - деп жазды Жәнібек. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары