$ 494.87  520.65  4.91

Президент Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр - Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысы Аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектеседі, зиян келтірілген материалдық шығын толығымен өтелетін болады» — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары