Бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
«Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық штабтан.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын тасқын судың қаупіне байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.