06.04.2024, 18:30

«Көмек көрсетейік»: Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов үндеу жасады

Фото: видеодан алынған кадр

Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр. 

Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ардақты ағайын, "Апат айтып келмейді" дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр. 

Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр. Осындай сын сәтте бәріміз бір болайық. Зардап шеккендерге көмек көрсетейік", - деді спортшы.