07.04.2024, 10:30

Су тасқыны: Республикалық маңызы бар 17 авто жолға шектеу қойылды

Фото: zhaikpress.kz автор: Қазталов

Қазіргі уақытта шектеу қойылған жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.

ҚазАвтоЖол су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қалыптасқан жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны орын алды. Аталған өңірлердегі жолдар - халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Жолдардың жабылуына ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан пайда болған су тасқыны себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта шектеу қойылған жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.