$ 494.87  520.65  4.91

«Қырқысқан, тартысқан адамдар»: Журналист эвакуациялық пунктердегі жұрттың әрекетіне күйінді

Байқағаным, "Тәйт" дейтін ақсақал қалмай барады. Мүмкін осы сөзім үшін мені сөгесіздер. Қазір сөгу трендте ғой...

Фото: Әділет Орынбасаров Facebook парақшасы
Фото: Әділет Орынбасаров Facebook парақшасы

Журналист Әділет Орынбасаров Facebook парақшасында еліміздегі су тасқынына байланысты эвакуациялық пунктерге орналастырылған халықтың бір-біріне деген жанашырлығы жоқ екенін, олардың іс-әрекеттерін түсінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Мен бір-ақ нәрсені ұқпай далмын.

Неше күн бойы осы сауалдар санамнан кетпейді.

Жұмыс бабымен эвакуациялық пунктерде жиі боламын. Барған сайын әр адаммен сөйлесіп, жан-дүниесіне үңілгім келеді.

Пунктерде жағдай біркелкі. Жатын орын, тамақ бәрі ұйымдастырылған. Әрине өз үйіңе жетері жоқ.

Бірақ адамдардың іс-әрекеттері....

Болған жағдайдан шок алған дейін десең Теректіде осыдан бір аптадағыдай дүрбелең жоқ. Алайда эвапунктердегі адамдарда бір-біріне деген жанашырлық жоқтың қасы.

Бір адам жастық таба алмай сенделіп жүр.

Бір ағам төрт(!) жастық салып алған басына.

Бір апайға көрпесіне тыс керек.

Бір апай қос-қостан алып, қалғанын үйіме әкетем дейді.

Бір тұрғын берілген шай мен майға "Шүкір" дейді.

Мың адам "Бізге банан мен алма беріңдер" деп айқай салып жүр.

Қырқысқан, тартысқан адамдар.

"Сен тимесең, мен тиме" деп қырын қарап жатқан қарттар.

Байқағаным, "Тәйт" дейтін ақсақал қалмай барады. Мүмкін осы сөзім үшін мені сөгесіздер. Қазір сөгу трендте ғой...

Бұрын бір ақсақал "Тәйт, жаман ырым бастамаңдар" деген бір ауыз сөзімен бір елді жөнге салып, мыңдаған отбасыны ажырасу мен жүздеген ағайынды бетжыртысудан сақтап қалған еді ғой.

Сол заман келмеске кетті ме?

Бұл өзі қай заман?!

Әлде бұл ниеттен бе?

Мүмкін бұл залал біздің ниетімізге байланысты беріліп жатыр деп ойламайсыздар ма?!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары