08.04.2024, 13:20

«Намаз оқуға уәде беремін»: Сотта Салтанат Нүкенованың қолхаты оқылды

Жоғарғы сот

Мен күйеуімді де, өзімді де қинамаймын, махаббатымызға құрметпен, сақтықпен қарап, жұбайыммен бірге намаз оқимын, саналы болуға ұмтылып, үйдің берекесін сақтаймын.

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта Салтанат Нүкенованың күйеуіне уәде берген қолхатын оқыды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Адвокаттардың мәлімдеуінше, Бишімбаевтың қойын дәптерінде марқұм Салтанаттың тірі кезінде жазған қолхаты бар.

“Мен, Салтанат Нүкенова, енді Қуандыққа сенуге, оны қызғанбауға, өз-өзіммен жұмыс істеп, күйеуімді сыйлауға, психологқа тұрақты түрде баруға, сүйікті, салиқалы жар болуға, Қуандыққа мойынсұнуға, боқтық сөздерді айтпауға, ашуланбауға, түсіністікпен қарап, тыныштықты сақтауға уәде беремін. Менің күдіктерім ақталған жоқ және шындықты білуге мүмкін бергеніне, маған маңызды нәрсені ұсынғанына рахмет. Мен күйеуімді де, өзімді де қинамаймын, махаббатымызға құрметпен, сақтықпен қарап, жұбайыммен бірге намаз оқимын, саналы болуға ұмтылып, үйдің берекесін сақтаймын”, – делінген адвокат оқыған қолхатта.

Қорғаушы тарап бұл жазбаны іске қосқысы келетінін айтты. Алайда сот адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмады.