$ 441.44  473.09  4.75

Қазақстанда ұлттық гидрологиялық орган құрылады

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі 7-10% құрайды.

Фото:  https://t.me/KZgovernment
Фото: https://t.me/KZgovernment

Қазақстанда ұлттық гидрогеологиялық орган құрылады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы НҚА жобасы жарияланды. жерасты

Коммерциялық емес акционерлік қоғамның негізгі қызметі – жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология саласында деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйені, жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, цифрлық және картографиялық деректер базасын және оларды басқару жүйесін әзірлеу. 

Қаулыға сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қаржы министрлігі Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің жарғысын бекітіп, ұйымды әділет органдарында тіркеу, басқару органдары құрылғанға дейін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қызмет атынан қол қоятын, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және ұйымның мүддесін үшінші тұлғалар алдында ұсыну үшін жауапты тұлғаны анықтауы тиіс.

«Қазіргі таңда Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі 7-10% құрайды. Біз бұл ресурстарды халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін белсенді пайдалануға ниеттіміз. Құрылып жатқан Ұлттық гидрогеологиялық қызмет елдің жерасты су ресурстарын барлау мен қорғауды қамтамасыз ететін болады», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары