Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір; Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр; Ветеринарлар күні – 10 шілде; Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі; Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан; Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.