$ 443.72  482.28  4.9

Су тасқыны: 185 бала республикалық лагерьлерде демалады

70 бала 10-24 сәуір аралығында Алматы облысындағы «Тау Жанашар» лагерінде, 13-і Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында 21 күн бойы тынығады.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аумақтан  83 бала бүгін лагерьге жолға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Барлығы 185 баланы  республикалық лагерьлерге жіберу жоспарланып отыр.

БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандарованың айтуынша, 70 бала 10-24 сәуір аралығында Алматы облысындағы «Тау Жанашар» лагерінде, 13-і Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығында 21 күн бойы тынығады.

«Бұдан бөлек, 102 бала 17-26 сәуірде Қызылорда облысындағы «Қамбаш» сауықтыру орталығында 10 күн демалады. 185 баланың 10-ы Бөрлі, 48-і Қаратөбе, 32-сі Сырым, 60-ы Теректі ауданынан және 35-і Орал қаласынан», деді Х.Искандарова.

 Дереккөз: astanatv

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары