08.04.2024, 18:00

Ресейдің Орск қаласында су бөгеті жарылды

Фото: inform.kz

Ауыл тұрғындары шұғыл эвакуациялануда.

Ресейдің Орск қаласында, Лесоторговь ауылының маңында тағы да бөгет бұзылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары шұғыл эвакуациялануда. Бұған дейін билік бөгеттің тұтастығы бұзылғанын хабарлаған. Су ауылдағы жеке үйлерге жетті.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, билік бұдан бұрын ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлаған, бірақ үйлердің иелері (ауылда – негізінен жеке сектор) үй шаруашылығын тастап кетуге асықпады. Оның орнына біраз уақыттан бері ауыл тұрғындары аудандағы бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізуге тырысқан. Орал өзенінің деңгейі сол кезде-ақ  тасбөгеттің жоғарғы нүктесі деңгейінде болған.