Қазіргі таңда 231 техника, 1198 жеке құрам, 18 дана жүзу құралы, 19 су сору құралы жұмылдырылды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов баяндамадсында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгінгі күнге дейін Жылой ауданы, Құлсары қаласында 2680 нысанды су басқан.
Арнайы комисся құрылады. Қазіргі таңда 231 техника, 1198 жеке құрам, 18 дана жүзу құралы, 19 су сору құралы жұмылдырылды. ТЖМ арқасында бөгеттерді көтеру жұмыстары, сонымен қатар қаптарға топырақтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде Құлсары қаласындағы 7-ықшам ауданындағы 502 тұрғын-үй, 7 әкімшілік ғимарат, 6 білім беру нысандары, 1 жеке емхана су басуына жол берілмеді. Құлсары қаласынан 31 009 адам көшірілген, - деді Жантөре Демешов.
Эвакуацияланған жергілікті тұрғындар Маңғыстау мен Атырау облысының басқа аймақтарына орналастырылды.
Маңғыстау облысына 20821 адам, Теңіз вахташылар қалашығына 7445 адам, Атырау қаласына және басқа аудандарына 2743 адам көшірілді. Құлсары қаласында уақытша ашылған орындарға 274 адам орналастырылды. Жылыой ауданында оқиға орын алғалы 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. Жалпы су тасқыны басталғалы 125 хабарлама түсті. Оның ішінде 179 адам құтқарылылды, - деді азаматтық қорғау майоры.