$ 494.87  520.65  4.91

Орынбордағы Урал өзені шектік деңгейге жақындады

Оған жетуге 24 сантиметр қалды.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Орынбор іргесіндегі Урал өзені шектік нүктеге таяп қалды, оған жетуге 24 сантиметр ғана қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Урал өзені шектік нүктеге жақындап қалды. Оған жетуге 24 сантиметр қалды. Орынбор гидрометеорологиялық орталығының мәліметінше, 9 сәуір күні сағат 14.00-де Орынбор маңындағы Урал өзеніндегі су деңгейі 906 сантиметрге дейін көтерілді", - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, Сакмара өзені сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін 3 сантиметрге ұлғайған. Оның деңгейі 808 сантиметрді құрап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары