$ 443.37  474.49  4.83

Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келеді

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар 18-19 сәуірге жоспарланып отыр. Бұл ақпаратты Қырғыз Республикасы басшысының баспасөз қызметі растады.

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге Садыр Жапаров Қазақстандағы қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар іс-шараға қатысады.

Айта кетейік, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефонмен сөйлескен болатын. Осы әңгімеде Қасым-Жомарт Кемелұлы көрші елдің басшысын елімізге ресми сапармен келуге шақырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары