$ 494.87  520.65  4.91

«Жалаңаш күйде видео түсіріп бер»: Cотта Нүкенованың құрбысы сөйледі

«Салтанат оның жұмысқа бармай, жанында 24/7 бірге болатынын айтты. Ол сөйлескісі келіп, түнімен ұйықтатпайтын көрінеді».

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Бүгін елордалық сотта Салтанат Нүкенованың құрбысынан жауап алынды. Ол Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аида Ахмединаның айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен танысуға бар күшін салған.

Үйлену тойынан кейін Нүкенова «хабарсыз кеткен». 2023 жылдың 8 наурызынан кейін Нүкенова Аидаға телефон соғып, Бишімбаев екеуі арасындағы жанжал туралы алғаш рет айтқан.

«Салтанат оның жұмысқа бармай, жанында 24/7 бірге болатынын айтты. Ол жұмысқа бармағандықтан бар назарын Салтанатқа бағыттайды. Ол сөйлескісі келіп, түнімен ұйықтатпайтын көрінеді. Сәл ұрыс-керіс болса, сыйлықтарын лақтырып жібереді. Жаңа жылдың алдында оған қымбат сағат сыйлады. Кішкене жанжалда оны терезеден лақтырып жіберді, содан кейін олар оны іздеп таба алмады. Ол «тіпті маникюр жасай алмаймын» деді. Соңғы рет тырнағын жасатуға барғанда, залда Қуандық күтіп отырғанын айтты. Бишімбаев маникюрдің ұзаққа созылғанына ашуланған соң, оны да аяқтамай, кетіп қалды», - деді сотта Салтанаттың құрбысы.

Сондай-ақ куәгер Салтанатты күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жалаңаш күйде видео түсіруге мәжбүрлегенін айтты.

«Сәуірде отбасыммен демалысқа кеттім. Демалыстың бірінші күні түнде Салтанаттың хабарламаларынан ояндым. Ол қатты қорқып тұрды: «маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек. Ол мені ұрып-соқты, Айтымға суреттерімді жібердім. Ол келіп, Қуандық екеуі төбелесті. Одан бірнеше рет кеткім келген. Ол «отбасыңда менің сені ұрып-соққанымды дәлелдейтін суреттер бар, кейін маған қоқан-лоққы жасайсыңдар, мен сені жібермеймін. Кепілдік ретінде сен маған жалаңаш күйде видео түсіріп беруің керек» деп айтты деді. Мен одан «Сен оның айтқанын орындадың ба?» деп сұрағанымда, ол «иә, істедім, басқа амалым болмады» деп жауап берді», - деді бүгінгі сот отырысында Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 15
Күлкілі 1
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары