$ 494.87  520.65  4.91

Антикор «Айка тізімі» бойынша істі тергеп жатқанын растады

Бұл туралы Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.

Фото: qaz365.kz
Фото: qaz365.kz

Антикор "Айка тізімі" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.

"Қылмыстық істің Астана қаласы бойынша департаментінде тергеу сатысында екенін растаймыз. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша барлық фактілер тексеріліп жатыр. Ақпарат жаңартылса, хабарлаймыз", – деді Антикор.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ғаламторда "Айка тізімі" деген атаумен клиенттердің жеке деректері таралып кеткен еді. ІІМ ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тергеуді бастағанымен кейін оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде де қолға алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары