11.04.2024, 08:30

Ауа-райы болжамы: 11-12 сәуірде қатты жауын-шашын болады

Фото: Pixabay

Түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронталды бөлімдердің ықпалында болады. Соған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады. 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел болады.

Солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.

Бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Қазгидромет" мамандары су басқан өңірлердегі ауа райы болжамына талдау жасаған еді.

Бүгінде су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр. Су объектілерінде мұздың еруі кептеліс құбылыстары, су деңгейінің ауытқуы мен жоғарылауы мүмкін. Кей жерлерде өзен арналарында қардың қарқынды еруі, сондай-ақ еріген судың шекті мөлшерден асып кету жағдайы сақталып отыр, – деді "Қазгидромет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Сондай-ақ түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) б олады деп күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда аракідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман тұседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күннің соңында найзағай ойнап, күн бұзылады деп күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Семейде таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Петропавлда түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.