11.04.2024, 12:20

Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарауын талап етті

Фото: Видеодан алынған кадр

Судья алқабилерге сот залынан шығуды сұрады. Бұдан кейін трансляция тоқтатылды. 

Астана сотында қылмыстық ісі қаралып жатқан Қуандық Бишімбаевтың адвокаты судья өтініштерін қанағаттандырмағаны үшін, оны істен шеттетуді талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Судья Бишімбаев тарапының кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдаған.

Судья алқабилерге сот залынан шығуды сұрады. Бұдан кейін трансляция тоқтатылды.