$ 494.87  520.65  4.91

Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатында күміс алды

Қос әлем чемпионы арасындағы тайталас алғашқы минуттан белсенді басталды.

Фото: qaz_olympics
Фото: qaz_olympics

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында бүгін, 11 сәуірде жалауын көтерген Азия чемпионатында еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (97 келі) күміс медаль алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық балуан финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күш сынасты. Қарсылас оңай болған жоқ. Ресейде дүниеге 21-жастағы балуан 2022 жылдан бері Бахрейн елінің атынан сынға түсіп келеді. 2023 жылы 97 келіде әлем чемпионы атағын жеңіп алса, Ханчжоуда өткен Азия ойындары және Азия чемпионатында алтын медаль иегері атанды.

Ал Ризабек Айтмұқан былтыр әлем чемпионатында 92 келі салмақта жеңіс тұғырынан көрінсе, Азия чемпионатында күміске қол жеткізді.

Қос әлем чемпионы арасындағы тайталас алғашқы минуттан белсенді басталды. Ұпай қорын молайтуға тырысқан балуандар өз әдісін жасауға тырысты. Бірінші кезеңде есеп 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші кезеңде бахрейндік балуан алғашқы минуттарда екі ұпай алып кетті. Одан кейін балуандар бір-бірден ұпайға ие болды.

Осылайша Ризабек Айтмұқан қарсыласына 2:4 есебімен жеңіліп, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары