12.04.2024, 17:20

Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өтеу үшін Қазақстанға беріле ме?

Фото: Фото: Tengrinews.kz

2021 жылы Қытай Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстан Республикасына экстрадициялаудан бас тартты.

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару жұмыстары туралы айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

 «Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың өтініші негізінде қытай тарапына оны Қазақстанға ауыстыру туралы сұрау салынды. Қытайдың әділет министрлігінің жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беруден бас тартылды, себебі оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанда ауыстыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр», – деп хабарлады Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын Қытай түрмесінде өтеп жатыр. Ол есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен қамауға алынған болатын.

2014 жылы қазақ студенті Ақжарқын Тұрлыбай Алматыдан Қытайға аттанды. Оның айтуынша, таныстары, оның ішінде жоғарыда аталған Нигерия азаматы оған Гуанчжоудан Малайзияға фирмалық заттар тасымалдаумен айналысатын жұмыс ұсынған. Бойжеткен Гуанчжоудан кетіп бара жатқанда ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі табылған.

2021 жылы Қытай Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстан Республикасына экстрадициялаудан бас тартты.