$ 442.05  474.14  4.74

Экономист Олжас Құдайбергенов сотта қайын атасын жеңіп шықты (ВИДЕО)

Қайын атасы күйеу баласының түрмеде отырғанын біле тұра арызды қайтып алу үшін 20 млн теңге  талап еткен.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Бұдан біраз уақыт бұрын экономист Олжас Құдайбергеновтың шетелде оқып жүрген жары Мөлдір Қабылова әлеуметтік желіде үндеу жариялаған еді. Сол кезде Мөлдір Қабылова «Немолчи» қоғамдық қоры арқылы отбасылық мәселесін айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, Олжас Құдайбергенов Ұлыбританиядағы кәмелетке толмаған балаларын анасынан алып кетпек болған. Осы жағдайға әйелінің әкесі араласып, күйеу баласынан шетелдегі пәтердің ақшасын төлеп отыруды сұраған. Алайда экономист Олжас Құдайбергенов қайын атасының үстінен «ақша бопсалады» деп арыз жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлыбританияның әлеуметтік қызметтері оған және балаларға үйсіздерге арналған баспана берді. Мөлдірдің әкесі күйеу баласы балаларға пәтердің ақысын төлемей, немерелері үйсіз жүргеніне ашуланған», - деп хабарлаған еді қоғамдық қор.

Кейін экономист қайын атасы оны бопсалағанын және ол құзырлы органдарға арызданғанын айтқан болатын. Бүгін соттың бұл мәселеге қатысты шешімі пайда болды.

Енді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бопсалау фактісі бойынша К. есімді азаматқа қатысты іс қаралған. 

«К. (қайын атасы) Құдайбергеновтен (күйеу баласы) 20 млн теңгеден астам ақша қаражатын бопсалаған деп айыпталды», - делінген сот шешімінде.

Мөлдір Қабылова Ұлыбританияда жүргенде «Құдайбергенов балаларымды ұрлап әкетті» деп  полицияға арызданған. Жергілікті полиция қызметкерлері Құдайбергеновты қамауға алып, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

«Қайын атасы күйеу баласының түрмеде отырғанын біле тұра арызды қайтып алу үшін 20 млн теңге  талап еткен. Құдайбергенов бостандығы үшін қорқып,  келіскен. Сотта қайын атасының бопсалау әрекеті толық дәлелденіп, ол 7 жыл бас бостандығынан айырылды», - делінген сот хабарламасында.

Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары