$ 498.34  519.72  4.85

Үкімет Арқалықта баспанасынан айырылған адамдар үшін 405 млн теңге бөлді

Ақша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы Арқалықта комиссия тұруға жарамайды деп тапқан баспана иелеріне  жаңа үй сатып алу үшін нысаналы трансферт түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. 

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы Арқалықта комиссия тұруға жарамайды деп тапқан баспана иелеріне  жаңа үй сатып алу үшін нысаналы трансферт түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. 

«Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр»,- делінген хабарламада.

ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қауіптің азаюына қарай су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары