13.04.2024, 16:30

Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады (ФОТО)

© Sputnik / Абзал Калиев

Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз!

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: t.me/antikornews

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram, Instagram) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Қандай да бір фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.