$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің Орынбор қаласынан су БҚО-ға қашан жетуі мүмкін

Бүгінгі таңда облыс бойынша эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам бар.

Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ
Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласының аумақтарын су басу қаупі бар. 

Мамандардың болжамына сәйкес, Орынбор қаласынан су облысқа 17-19 сәуір күні келеді.

«Су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша Жайықта ұзындығы 72 км болатын бөгет салынып, өзен жағасы нығайтылды. Қазіргі уақытта өзеннің бойындағы қауіп төніп тұрған елді мекендерден тұрғындарды эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін сыйымдылығы 8596 орынға есептелген 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда облыс бойынша эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам бар. Оған қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешектер уақытылы жеткізілуде», - деді ол.

Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары