Тікелей эфирге 250 көрерменнің бір мезгілде қосылу бойынша рекорд тіркелді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінің трансляциясын АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер көріп жатыр, деп хабарлады Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас.
"27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді. Жалпы, тікелей эфирдің ретрансляциясына, процесске БАҚ-тың қатысуына ешқандай кедергі, шектеу болған жоқ. Жоғарғы сотқа осы сот процесін өз елінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсуде. Дәл қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы жазбаны көру қаралымы 1,5 млн-нан асқан.
"Тікелей эфирге 250 көрерменнің бір мезгілде қосылу бойынша рекорд тіркелді", - деп толықтырды Перизат Сәдуақас.
25-44 жас аралығындағы көрермендер жалпы көрермен санының 58%-ын құрап отыр. Сондай-ақ, біз жүргізген талдауға сәйкес тікелей эфир көрермендерінің 75%-ы қыз-келіншектер.