15.04.2024, 10:40

Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Көшім каналында су деңгейі 820 сантиметрге (+13) жетіп, қауіпті шектен 20 сантиметрге асып кетті. 

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді.«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 15 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша өзен деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге жоғарылап, 768 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform.kz-ке сілтеп.

Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (802 см) түскенімен, қауіп сейілген жоқ. Есесіне Көшім ауылында 751 (+12), Тайпақта 459 (+11) сантиметрді көрсетті. 

Көшім каналында су деңгейі 820 сантиметрге (+13) жетіп, қауіпті шектен 20 сантиметрге асып кетті. 

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, Орынбордан келе жатқан үлкен судың алдыңғы легі бүгін кешке не түнде облыс шекарасына, Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы тұсына жетеді.

«Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекен мен Орал қаласында бөгеттерді бекіту жұмыстары біте келді. Қазіргі кезде бөгеттердің ені ұлғайтылып, биіктігі көтерілуде», деді Қ.Айтмұхамбетов.