15.04.2024, 17:20

Павлодар облысында сотталған және психикалық ауруы бар адамдар білім беру ұйымдарында жұмыс істеген

Фото: Pixabay

Балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

Павлодар облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, жалпы  500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.