$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланбайды - ІІМ

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні "орташадан сәл жоғары" мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.

"Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды", - деді ІІМ өкілдері.

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні "орташадан сәл жоғары" мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

"Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?" - деп сұрады Оразбахова.

"Иә", - деп жауап берді Бишімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары