$ 494.87  520.65  4.91

Аймағамбетов үш ауысымды мектеп үшін айыппұлды директорға емес, әкімдікке салуды ұсынды

СанПиН-ді бұзды деп мектеп үш ауысымды болса, онда айыппұл мектептің директорына салынады.

Фото: ort.com
Фото: ort.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп пен аурухана басшылығына айыппұл салынғанда олардың мүмкіндіктерін ескеруді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгінгі таңда соттар мектеп директорларына немесе аурухана басшыларына айыппұл салғанда олардың мүмкіндіктері мен құзыреттілігін толық ескермейді. Мысалы, СанПиН-ді бұзды деп мектеп үш ауысымды болса, онда айыппұл мектептің директорына салынады. Бірақ енді директор үш ауысымдылықты басына тілеп алған жоқ қой. Мектеп тиісті деңгейде салынбағаннан кейін дәл осындай жағдайға жетеді. Сондықтан мүмкін мұндай мәселеде айыппұл әкімдіктерге салыну керек шығар. Лаборатория, құрылғылар жетпесе, тағы да директорға жауапкершілік артылады. Бюджет болмағандықтан, ол құрылғыны сатып алмайды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары