$ 494.87  520.65  4.91

Орал қаласында орталықтан ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Орал қаласы орталығында ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 сәуір күні кешкісін болған.

Шамамен сағат 19.20-да Ақотау көшесі 20-үйдің маңында, 8 және 25-орта мектептердің арасында ер адамның денесі табылған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Ер адамның өліміне байланысты басы жоқ екен деген сөз тараған. БҚО полиция департаменті оның басы орнында екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары