Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Орал қаласы орталығында ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 сәуір күні кешкісін болған.
Шамамен сағат 19.20-да Ақотау көшесі 20-үйдің маңында, 8 және 25-орта мектептердің арасында ер адамның денесі табылған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Ер адамның өліміне байланысты басы жоқ екен деген сөз тараған. БҚО полиция департаменті оның басы орнында екенін жеткізді.