Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр.
17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылды, қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шымкентте 11 жасар қыз 3-қабаттан құлап кетті
"Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты деп бағаланады. Баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында", делінген хабарламада.Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.