18.04.2024, 18:40

Қазақ қызы Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады

Фото: instagram.com/prosports_kz

Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр.

Қазақ қызы Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Теннис федерацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады. Қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

Олардың барлығы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне қатысудан үмітті.