Айыпталушы Бишімбаев құпия сөзді тек өзінің қорғаушысына айтатынын жеткізді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз ұялы телефонының кодын судьяға беруден бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушы Бишімбаев құпия сөзді тек өзінің қорғаушысына айтатынын жеткізді.
Судья Бишімбаевқа құпия сөзді жазып, конвертке салып беруді ұсынды.
"Қорғаушылар, конвертке құпия сөзді жазыңыз да судьяға беріңіз. Іс басқа инстанцияларға кететін болса, телефонды зерттеу керек болады. Егер құпия сөзбі бермесеңіздер, оны осы жерде ғана тексеріп, басқа инстанцияларда тексере алмаса, оның пайдасы жоқ. Ұялы телефонды осында әкеліңіз. Құпия сөзін айтыңыз", - деді судья.
Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов судьяға "қазір телефондағы көргіңіз келген дүниені көре аласыз, бірақ құпия сөзді білмейсіз" деді.