18.04.2024, 19:20

Тоқаев Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды

Фото: Ақорда

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Фото: Ақорда

«Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда