$ 494.87  520.65  4.91

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде Рыбакина басым түсті.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде Рыбакина басым түсті.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Елена әбжілдік танытты — 7:6 (7:3).

Екіншісінде Вероника есе қайырды — 6:1.

Үшінші, шешуші сетті Рыбакина брейкпен тәмамдады — 6:4.

Екі сағат 35 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 9 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Кудерметова 5 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабер немесе рейтингіде 14-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Айша Сайранның Азия теннис рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында көш бастағанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары