19.04.2024, 00:30

Роза Рымбаева құрметті атаққа ие болды

Фото: ҚР Баспасөз қызметі

Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті. 

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды ғасырлар бойы қалыптасқан достықтың, ортақ мәдениеттің, ынтымақтастықты дамытудың белгісі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі белсенді дамытуға бағытталған қадам ретінде қарастыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мына адамдар марапатталды:

"Данакер" орденімен:

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы; Мұхтар Шаханов – ақын, дипломат, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі.

"Достық" орденімен:

Сауытбек Әбдірахманұлы Әбдірахманов – публицист, әдебиеттанушы, журналист, кино сыншысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты; Мырзатай Жолдасбеков – Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы; Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі; Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Астана қаласының әкімі; Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі; Бауыржан Жұмаханұлы Омаров – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры.

"Даңқ" орденімен:

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова – Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті.

"Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағымен:

Алтынбек Қоразбаев – кеңестік және қазақ композиторы, әнші; Роза Қуанышқызы Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі және кино актрисасы.

Даңқ медалімен:

Дидара Күлкенова – Қазақстан Республикасы "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас директоры – редакторлар кеңесінің төрайымы; Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов – Қазақстан Республикасы, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары. Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасымен: Нұрлыбек Саматұлы Сафин – "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы; Ерлан Батташұлы Сыдықов – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры. Ербол Жақсыгелдіұлы Хабылбеков – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры.