19.04.2024, 11:00

Ресейдегі Тобыл өзенінің деңгейі бір түнде 1007 см-ге дейін көтерілді

Фото: ТЖД РФ

Сағат 00:00-де (Мәскеу уақытымен бейсенбі күні 22:00) Тобылдағы су деңгейі 1002 см болған.

Ресейдің Қорған қаласындағы Тобыл өзенінің су деңгейі бір түнде 5 см-ге көтеріліп, 1007 см-ге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қорған қаласының өлшеу станциясы. Тобыл өзені. Сағат 06:00 кезіндегі су деңгейі - 1007 см», делінген геопортал хабарламасында.

Сағат 00:00-де (Мәскеу уақытымен бейсенбі күні 22:00) Тобылдағы су деңгейі 1002 см болған.