19.04.2024, 16:20

3 өңірде өзендер арнасынан тасиды – «Қазгидромет»

Фото: Pixabay

Бұл Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты.

 

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Орталық Коммуникация қызметіде өткен брифингте 3 өңірде өзендер арнасынан таситынын және су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.                                                      

Бұл Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты. 19-20 сәуір аралығында қардың тез еруіне байланысты 19-22 сәуірде таулы аудандарда сел жүріп, өзендердегі судың деңгейі көтеріліп, ондағы су шекті мөлшерден асады.

Сондай-ақ Ақмола облысы Қорғалжын ауылы Нұра өзенінде судың деңгейі көтеліріп жатыр. 4 сағатта онда судың деңгейі 6 см-ге артқан. Қазіргі таңда өзендегі судың деңгейі шекті мөлшірден 5 см-ге асты.

Сондай-ақ Қорғалжың ауылындағы көлік жүретін көпірді су басқан... Ақмола облысында (өзендерде) судың деңгейі көтеріледі деген болжам бар, - деді баспасөз хатшысы.