19.04.2024, 18:40

Алматы облысында отбасылық агрессор полицейге оқ атты (ВИДЕО)

Фото: polisia.kz

Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады.

Алматы облысында полиция қызметкері қарулы отбасылық агрессорды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.

Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған.

Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.