Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы заңға қол қойды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.